Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік-оқиғасы бүгін сағат 00:40-та Алатау ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел жәрдем көлігі Саин даңғылымен келе жатып, бұрылмақ болғанында Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан 2 көліктің жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2002 жылғы өкілі бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырды", – деп хабарлады департаменттен.
Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу