Алматыда мотоцикл жолда жұмыс істеп жүрген 3 жұмысшыны қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы 2 адамның өмірін қиды. 

Алматыда мотоцикл жолда жұмыс істеп жүрген 3 жұмысшыны қағып кетті Фото: видео скриншот

Қазіргі уақытта қайғылы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматы қаласы Полиция департаменті жол апатының 9 сәуір сағат 1:30 шамасында Алатау ауданында болғанын мәлімдеді. Мотоцикл жүргізушісі Т.Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысады. Содан соң қозғалысты тоқтатпаған күйде 3 жұмысшыны қағып өткен. 

– Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал әйел ауыр халде қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Полицияның анықтау басқармасы екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, – дейді департамент мамандары. 

Дәрігерлер мотоцикл қағып кеткен әйелдің денсаулығы туралы да айтып өтті. Олардың сөзінше, жарақат алған жұмысшының жағдайы мәз емес. 

– Пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға көптеген жарақатпен ауыр халде түсті. Қазір реанимация бөлімшесінде барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу