Барахолкадағы жол апатынан екі адам қайтыс болып, тағы бесеуі аурухана түсті

669

Жол көлік оқиғасына байланысты полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 

Барахолкадағы жол апатынан екі адам қайтыс болып, тағы бесеуі аурухана түсті

Алматының Солтүстік айналма жолында 25 желтоқсан күні Hyundai Getz пен LADA Granta маркалы көліктер соқтығысып, ірі жол апаты орын алды. Нәтижесінде 1994 жылы туған LADA Granta жүргізушісі мен 1997 жылы дүниеге келген жолаушы қайтыс болған. Ал Hyundai тізгінін ұстаған жүргізуші мен оның төрт жолаушысы ауруханаға түсті. 

"Төрт адам Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 1989 жылы туған азаматтың тізе сүйегі сынған және тағы көптеген жарақаттар алған. Екінші адамның сол аяғының балтыры екі жерінен сынған. Ал үшінші жапа шеккен адамның көкбауыры жыртылып жан сақтау бөліміне жатқызылды. Төртінші азамат амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Бесінші жолаушы көптеген ауыр жарақаттармен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды",– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ал полиция департаменті аталған факт бойынша сот алды тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 

"Жол апаты "Ақбұлақ" базарының маңында орын алған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде",– деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу