Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті

136

Жол сақшысын қағып кеткен жүргізуші ұсталған жоқ.  

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді көлік қағып кетті Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Бірақ, аталған оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеңіл автокөлік жүргізушісі бұрылыс жасайтын сәтте жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамай қалғанын айтқан.

Жүргізуші дереу жедел жәрдем шақырып, полицейге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

"Желтоқсан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі жолда қозғалысты қолмен реттеп тұрған полиция қызметкерін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан аға лейтенант жарақат алды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу