Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Оның бұл әрекеті адамдардың қауіпсіздігі мен жол қозғалысына едәуір қауіп төндірген.  

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады Фото: t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желідегі видеодан ер адамның жүргізушіге агрессивті түрде тиіскенін байқауға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Алматы көшелерінде қатынайтын №15 автобус жүргізушісіне қатысты жасалған. Кейбір жолаушы қатты қорыққандықтан, автобустан жедел шығап кеткенді жөн көрген.

Түсірілім автобус тоқтағаннан кейін ғана басталған. Автобус тоқтаған соң шошыған жолаушылар сыртқа жүгіріп шыққан, ал жүргізуші мен шабуылдаушының жанжалы әрі қарай жалғасқан.

Жеке автобус депосының өкілі жағдайға түсініктеме беріп өтті.

– Жүргізуші жолаушының "Барлық" базары аялдамасында мініп, бірден агрессивті әрекет ете бастағанын түсіндірді. Жүргізушінің оған ешқандай шағымы жоқ және түсініктеме беруден бас тартты, – дейді автобус депосының аға диспетчері.

Агрессивті ер адамның жанжалдан соң келесі аялдамадан түсіп қалғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу