Алматыда жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізушісі қамауға алынды

703

Оған 155 мың теңге айыппұл салынды. 

Алматыда жолдың қарсы бетімен жүрген көлік жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізушіге 155 мың теңге айыппұл салынып, бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап ретінде, жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды. Бұл – Т. есімді азамат, 1997 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны.Құқық бұзушының жолаушысы түсірген кадрларда барлығы анық көрсетілген. Әрине, жолда мұндай іс-әрекетке жол берілмейді. Бұл жай жол ережесін бұзу емес, бұл азаматтың санасыздығы", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Белгілі болғандай бейне жазбадағы азамат көшенің қарсы жолағына шығып, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен, сақтандыру полисі жоқ, автокөліктің әйнектері қараңғыланған, апаттық жағдай туғызып, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, жүргізушінің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады.

"Алматы қаласының МАӘС шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 155 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу