Алматыда жүргізуші куәлігінен айырылған 400 адам қайтадан көлік басқарған

158

Мұндай әрекеттер жолдағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Алматыда жүргізуші куәлігінен айырылған 400 адам қайтадан көлік басқарған Фото: ЖИ

Алматыда сот шешіміне қарамастан көлік басқарған 400-ден астам жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған 414 жүргізуші ұсталды. Олардың барлығы бұған дейін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылған.

– Олардың қатарында мас күйінде немесе есірткі қолданғаннан кейін көлік жүргізген, қарсы бағытқа шыққан және жол қозғалысының басқа да өрескел ережелерін бұзған азаматтар бар. Мұндай әрекеттер жолдағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, – деп хабарлады полициядан.

Жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан көлік тізгіндеген бұл жүргізушілер заң алдында қайтадан жауап береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу