Алматыда журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалды

569

22 ақпан күні Алматыда журналист Данияр Молдабековке үйінің кіреберісінде медициналық бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалды Фото: facebook/Данияр Молдабеков

Болған оқиғаны журналист өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Көп ұзамай болған оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

"Оқиға туралы хабарлама 102 пультіне 22 ақпан күні сағат 10:37-де түсті. Факт Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелді", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір полицейлер мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.

Ал, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Әріптесіміз Данияр Молдабековтің бәймәлім кісілер тарапынан соққыға жығылғаны жөнінде жазған постын оқыдым. Бұл оқиғаны айыптаймыз және тиісті құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, кінәлілер тез табылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз", - деп жазды министр Facebook желісінде.

Айта кетейік, 2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ бір адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар заңға қайшы әрекеттер жасаған 18 адам ұсталды.

Бұл ақпаратты күні кеше ІІМ таратқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу