Алматыдағы Абай даңғылы қашан ұзартылады?

730

Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.  

Алматыдағы Абай даңғылы қашан ұзартылады?

Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қаланың батыс шекарасына дейін 4,7 шақырымға ұзарту жоспарланған. Қазір даңғылдың 1,2 шақырымы қолданысқа берілді. 

Жол мамандары істің созбалаңға салынып кетуін жеке үйлерді бұзумен байланыстырады. Жер телімдері сатып алынса, жұмыс тез бітеді-міс. 

Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Абай даңғылы Әуезов және Наурызбай аудандарына қарасты 198 жер телімі арқылы өтеді. 

"Алматы әкімдігі 194 нысанға қатысты "Мемлекет қажеті үшін жер телімдерін не жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруды бастау" туралы қаулы қабылдаған. Оның ішінде 31 жер телімі келісімшарт бойынша, 111 объект сот шешімімен сатып алынды, тағы бес нысан бойынша мәжбүрлі түрде иеліктен шығару қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Қазір 56 жер телімін сатып алуымыз керек", – деді шенділер. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу