Алматыдағы автобус апаты: Cот күдікке ілінген жүргізушіні үйқамаққа жіберді

192

Айта кетейік, 26 маусымда Алматы қаласында болған апат кезінде 1 адам қаза тауып, 25 адам медициналық көмекке жүгінді.

Алматыдағы автобус апаты: Cот күдікке ілінген жүргізушіні үйқамаққа жіберді Фото: видеодан алынған кадр

Алматыдағы автобус апатына айыпты болған Әнел Сартаева үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы адвокат Қанат Әлсейіт өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Тергеу барысында ол екі айға қамауға алынды. Белгілі болғандай, оның емізулі баласы бар екен. 

"Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты зерттеді.Бұрын таңдалған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу барысында Әнел үйқамақта болады және баласына қарайтын болады", - деп жазды Қанат Әлсейітов Instagram парақшасында., - деді Қанат Әлсейітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу