Алматыдағы барлық монополистер тарифтерін төмендетеді

971

Алматыдағы барлық монополистер тарифтерін төмендетеді

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алматы қаласындағы ірі табиғи монополия субъектілерінің есебін тыңдады, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Қоғамдық қабылдауда монополистер тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаны қалай орындап жатқаны туралы есеп берді. Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуде көпшіліктің тарапынан сынды бірінші болып еститін ҰЭМ аумақтық департаменттері мен әкімдіктерде қандай проблемалар орын алуда? Бұдан басқа, проблемаларды шешудің жүйелі шаралары талқыланды.

"Бүгінгі әңгіме бізге бұл мәселеге өте жауапкершілікпен, жан-жақты қарауға, осыны ескере отырып, мәселені шешу жолдарын анықтауға жәрдемдесті. Біз барлық монополистердің тарифті түсіруіне қол жеткіздік. Дегенмен, жүйелі сипаттағы жәйттер де бар, сондықтан олар тарифті жылма-жыл көтермей, тиімді жұмыс істеуді жалғастыруы үшін, бұған керісінше, бұл тарифтерді не бекітуге тырыса отырып, не жаңа технологиялар мен тәсілдерді ескере отырып, төмендетуге тиіспіз. Мұндай әңгіме керек, оған қол жеткізілгені дұрыс болды", - деді министр.

Министрдің айтуынша, монополистер өз проблемаларын жасырмай айтып берген. Мәселен, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ газының өзіндік құны оның жүйелік оператордан сатып алатын газ бағасы арқылы қалыптасады. Жылу бағасы 35-60%-ке еліміздің солтүстігінен жеткізілетін көмір бағасы мен тасымалдау құнына тәуелді.

"Онда да жете түсінуді қажет ететін белгілі бір мәселелер бар", - деді ол.

Сол арада министр қазіргі уақытта елімізде табиғи монополия субъектілерін тексеру басталғандығын еске салды. "Бұл жұмыс барлық бағыт бойынша жүргізілуде. Тарифтер төмендеуі тиіс, көпшілігі бойынша уақытша өтемақылық тариф енгізіледі. Құқықбұзушылық анықталған жағдайда, тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады", - деді ол.

Бұдан басқа, Тимур Сүлейменов орталық мемлекеттік орган деңгейінде бірқатар нормативтік-заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданып жатқанын еске салды.

"Әңгіме "Табиғи монополиялар туралы" заң жобасын қабылдау жөніндегі жұмыстар туралы болып отыр. Ол қазірде парламент мәжілісінде жатыр. Бірқатар қосымшалар ендігі жасалды, бірқатарын толықтыруды ұсынып отырмыз. Бұлар қоғамдық кеңес құру, инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша сыртқы техникалық аудит институтын енгізу, сондай-ақ біздегі қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыруға қатысты", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу