Алматыдағы екі үлкен даңғылда көлік қозғалысы уақытша шектеледі

440

Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті.

Алматыдағы екі үлкен даңғылда көлік қозғалысы уақытша шектеледі Фото: gov.kz

2023 жылғы 2-4 шілде аралығында әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде және 3 шілде күні Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, көлік қозғалысын уақытша шектеуге орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальтбетон жабынын төсеу жұмысы себеп болып отыр.

"2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде сағат 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі", делінген хабарламада.

Қозғалыс Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүргізіледі.

Ал 3 шілде күнгі сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында іске асырылып жатыр. 

Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу