Алматыдағы қайғылы жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды

120

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Алматыдағы қайғылы жол апатынан кейін бірқатар басшы қызметінен босатылды Фото: t.me/kris_p_almaty_kz

Алматы қаласында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына байланысты құқық қорғау органдарында кадрлық өзгерістер орын алды.

Оның айтуынша, аталған оқиғаға байланысты Полиция департаментінің бірқатар басшылары қызметінен босатылған.

Сонымен қатар, өзге де заң бұзушылық белгілеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған. Министр барлық әрекеттерге құқықтық баға берілетінін атап өтіп, жауапкершіліктен ешкім жалтара алмайтынын жеткізді.

– Заң бәріне ортақ, әрбір дерек жан-жақты тексеріліп, тиісті шешім қабылданады, – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу