Алматыдағы көлік апатында зардап шеккендер саны артты

Қаланың ауруханаларына әртүрлі жарақаттармен 17 адам  жеткізілді.  

Алматыдағы көлік апатында зардап шеккендер саны артты Фото: Видеодан скриншот

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы екі автобус соғылған кезде жарақат алғандарға қатысты түсініктеме берді. Департаменттің дерегінше, жалпы саны 19 адам зардап шекті. Оның бірі - оқиға орнында қайтыс болды.

"Қаланың ауруханаларына 17 адам әртүрлі жарақаттармен жеткізілді. Жалпы, жол-көлік оқиғасынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жолаушы жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 8 қараша Алматы 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу