Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директоры Питер Гриффитс арнамызға эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Жоспар бойынша өзгеріс келер жылға белгіленген. "ФлайАрыстан" жолаушылар тасымалы қатарына қосылған ең жаңа компания. 2018 жылы ресми тіркеліп, ұшуын бастаған. Әзірге тек ішкі рейстерді ғана орындайды.
Егер "Эйр Астана"-дан бөлініп шықса, онда сыртқы нарыққа да шығуы мүмкін. Бүгінде Қазақстанда лицензиясы тәркіленген "Бек Эйрді" қоспағанда азаматтық авиацияда 3 әуе компаниясы қызмет етеді. Олар: Эйр Астана, ФлайАрыстан және Скат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу