Осы мерейлі дата қарсаңында еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев білім беру ұйымында болды. Министр қазіргі заманға сай жабдықталған оқу сыныптарын, зертханалар мен дәрісханаларды және кітапхананы аралап көрді. Сонымен қатар, спорт үйірмелеріне бас сұқты. Мұнда бокс, күрес, зілтемір көтеру, футбол мен теннис сынды бірнеше спорт секциялары жұмыс істейді. Білікті оқытушы құрамымен және онда білім алып оқушылармен кездескен Нұрлан Ермекбаев білім беру ошағына жақсы бағасын беріп, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін жас ұрпақтың өсіп шығатынына сенім білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу