БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген ол "Астана" мен "Челси" ойынындағы қар тазаланбау фактісіне де тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала басшысы 12 желтоқсандағы УЕФА конференциялар Лигасы аясындағы ойынды 21 мыңға жуық адам көргенін жеткізді.
– Естеріңізде болса, біз кешірім сұрадық. Матч басталған кезде стадионның шығыс секторындағы алты қатардағы орындықтар арасында уақытылы тазалау жүргізілмеді. Орталық стадионның менеджменті тиісті жұмыстарды атқармады, сондықтан шаралар қабылданды, – деді қала әкімі.
Аталғана жағдайға ағылшын командасы мен УЕФА тарапынан сұрақтар мен шағымдар болмаған. Сондай-ақ, Ерболат Досаев алдағы уақытта Орталық стадионның сыйымдылығы артатынын айтты.
– Келесі жылы біз Орталық стадионды қайта құруды бастаймыз. Орындар саны 32 мыңға дейін кеңейтіледі деп күтілуде. Стадион барлық стандартқа сай болады, бұл жабық алаңға айналады. Қазір тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшарттың жаңа жүйесі бойынша даму тұжырымдамасы бекітілді. Жоғары кубоктарды еуропалық және әлемдік деңгейде өткізуге болады. Сонымен қатар, мен Орталық стадионның басшылығынан сапалы жұмыс жасалуы үшін оларға көмектесетін компанияларды қосымша жалдауды сұрадым, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда жаңадан бірнеше футбол стадионы салынатынын хабарлаған еді.