Алматыдағы Сайран көліне су толтырылмайды

Оған іргелес аумақтағы абаттандыру жұмыстары себеп.

Алматыдағы Сайран көліне су толтырылмайды Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері спикерге "Сайран көлі шаһардың климатына оң әсер еткен. Көлді бұрынғыдай неге суға толтырмасқа? Мұндай мәселені неге тұрғындармен ақылдасып шешпейді?" деген сауал қойды.

Сейілбек Нұрымбетовтың сөзінше, Сайран көлін суға толтыру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіреді.

"Қоғамдық тыңдау өткізіліп, соған байланысты нақты шешім айтылса, біз бұған құлақ асамыз. Дегенмен, Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы көлге іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары басталатындықтан, су толтырылмайтынын атап өткен еді", – дейді Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу