Төле би батысқа қарай Яссауиден Алтын ордаға дейін 4.5 шақырымға ұзартылады. Мобильділік басқармасының өкілдері хабарлағандай, аталмыш жоба екі кезеңнен тұрады: Ясауи көшесінен Әшімовке дейін, Әшімовтен қала шекарасына дейін.
Жұмыс барысында 220-ға жуық жер телімі сүріледі. Абай даңғылы сияқты, Төле биді ұзарту ісінің аяқталуы да бөлінетін қаржы мен жер иелерінің келісіміне байланысты болады. Жоспар бойынша жұмыс үш жылда аяқталуы тиіс.
Төле бидің Наурызбай ауданындағы жаңа бөлігі алты жолақты болады. Жол мамандарының сөзінше, жолды ұзарту жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерді қала орталығымен байланыстырып, Райымбек даңғылы мен Жандосов көшесінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Олжас Оқас