Алматыдағы троллейбустар тоқтамайды

713

Мегаполис әкімі қоғамдық көліктің бұл түрін жабу туралы әңгіме қозғалмағанын айтты.

Алматыдағы троллейбустар тоқтамайды

Алматыда келер жылы троллейбустардың байланыс желілері мен инфрақұрылымы жаңартылады. Бұл туралы қала әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Еркін микрофон" форматында өткен кездесуде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев автобус тапшылығы қала және жеке автопарктер есебінен толығатынын атап өтті. Троллейбустардың тағдыры туралы қойылған сауалға мегаполис әкімі қоғамдық көліктің бұл түрін жабу туралы әңгіме қозғалмағанын айтты.

"Өмір сүреді және әрі қарай жұмыс жасайтын болады. Тіпті, келер жылы оның байланыс желілері мен инфрақұрылымын жаңартамыз",– деді Бақытжан Сағынтаев.

Қаланың басты міндеттерінің бірі қоғамдық көлікті дамыту екенін атап еске салды.

Айта кетсек, бұл шаһар әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен екінші кездесуі. 28 тамызда өткен алғашқы кездесуде 90-нан астам ауызша және жазбаша сұрақ қойылған болатын.

1932 жылы құрылған бұл аудан мәдени және қоғамдық өмірдің тарихи орталығы болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу