"Олардың жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Екі науқас та есін жиды", - деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.
Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиациялық қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады.
Бортта 6 экипаж мүшесі болған. Олардың төртеуі қайтыс болды, ал 2 экипаж мүшесі түрлі дене жарақатымен №4 қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды.
Сондай-ақ, осыған дейін АН-26 ұшағының "қара жәшігі" табылғаны хабарланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу