Алматыдағы жол апаты 2 адамның өмірін жалмады

Тағы 2 адамның жарақат алғаны белгілі болды.   

Алматыдағы жол апаты 2 адамның өмірін жалмады Фото: бейнежазбадан

Қайғылы оқиға Алматы – Өскемен автожолының 94-шақырымында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті Changan маркалы автокөлік жүргізушісінің рөлге ие бола алмай, жүк көлігінің артына соғылғанын растады. Одан соң көлік жол қоршауына түйіскен. Toyota Estima жүргізушісі Changan автокөлігіне соққан. Жол апатының жантүршігерлік видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Полиция дерегінше, қатты соққы салдарынан Changan автокөлігінің қозғалтқышы жолдың қарсы бағытына ұшып, Ford Focus автокөлігіне тиген. 

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алған. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Changan көлігінің жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Аталған көліктің жүргізушісі мен Toyota Estima жүргізушісі әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады департамент өкілдері. 

Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу