Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Алматыда консулдық мекеменің құрылысы үшін АҚШ үкіметіне жалға берілетін жер туралы түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біздің елшіліктеріміз шетелде екіжақты келісімдер аясында келіскен аумақтарда орналасқан. Қазақстандағы кейбір елшіліктердің аумағы өте кең. Бұл қарапайым халықаралық тәжірибе. Шетелде біздің елшіліктеріміз де үлкен аумақтарға орналасқан", – деп түсіндірді СІМ өкілі Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, осыған дейін АҚШ Қазақстаннан жер телімін 49 жылға жалға алатынын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу