Алматыдан алыс жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы – Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағы. 

Алматыдан алыс жерде 4,8 балдық жер сілкінісі болды Фото: moskva.bezformata.com

Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығы жер сілкінісінің тереңдігі 12 шақырым болғанын хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі 2025 жылдың 2 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та тіркеліп отыр. Жер сілкінісінің ошағы – Қытайда, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде орналасқан.

Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы – 4,8 балл. Сонымен қатар, энергетикалық классы 10,9 болса, тереңдігі 12 шақырымға жеткен.

Өткен жылы елімізде магнитудасы 4-тен жоғары 250-ден аса жер сілкінісі тіркелген. Төтенше жағдайлар министрлігі ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығы ел аумағының шамамен 40%-ы жер сілкінісіне ұшырауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін "Қазақстан – жер сілкінісі ең көп болатын елдердің бірі" деген тақырыпта мақала жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу