Алматыдан Қызылордаға ұшқан Air Astana рейсі кері қайтты

159

Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыдан Қызылордаға ұшқан Air Astana рейсі кері қайтты Фото: FrequentFlyers.ru

Алматыдан Қызылордаға бағыт алған КС985 рейсін орындаған Airbus A320 ұшағы ұшып шыққаннан кейін кері қайтуға мәжбүр болды. 

Авиакомпанияның хабарлауынша, ұшу барысында әуе кемесінде ықтимал техникалық ақауды білдіретін индикатор іске қосылған. Қызылорда әуежайында тиісті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік талаптарына сай ұшып шыққан әуежай – Алматыға оралу туралы шешім қабылдаған.

Инженерлік-техникалық қызмет өндірушінің нұсқаулығына сәйкес толық тексеру жүргізген. Ақаулар анықталмаған соң ұшақ қайта пайдалануға берілген. Алайда Алматыдағы қолайсыз ауа райы мен Airbus NEO ұшақтарына қатысты уақытша пайдалану шектеулеріне байланысты рейс FlyArystan әуе кемесімен орындалды, бұл қосымша кідіріс туғызды.

Рейс Алматыдан қайтадан сағат 02:34-те ұшып шықты. Жалпы кешігу уақыты 12 сағат 24 минутты құрады.

Компания мәліметінше, күту кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылған. Сондай-ақ сұраныс білдірген 36 жолаушы қонақ үйге орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу