Алматыға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады

796

Карантин талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылады. 

Алматыға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады

Елімізде Төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин жалғасуда. Демек қала шекараларында орналастырылған бақылау-өткізу бекеттері алынбайды, індеттің таралуы тоқтағанша күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

"11 мамырда Алматы қаласында карантин режимі сақталады. Периметр бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады. Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін)", – деді ол. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі де бұл талаптардың сақталатынын хабарлады.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу