Алматылық әйелдің неліктен балаларымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткені анықталды

6254

Полиция департаменті мұны отбасылық жанжал деп атады. 

Алматылық әйелдің неліктен балаларымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткені анықталды

Алматы қалалық полиция департаменті 9-қабаттан секіріп кеткен үш баласы мен 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты қосымша деректерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Полиция департаменті тергеудің осы кезеңінде үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйелдің әрекетінің алдын-ала себебін анықтады. Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Әйел адам секірер алдында хат қалдырған. Басқа мән-жайлар анықталуда", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, аталған іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу