Алматылық бір топ тұрғын қайта аштық жарияламақшы (Видео)

1162

Алматыда пәтер иелері коперативінің жұмысына көңілі толмаған Көкжиек ықшам ауданының 40-қа жуық тұрғыны бүгін кешкі сағат 18:00-де аштық жариялайтындықтарын айтып, мессенджерлерге хабарлама таратты.

Алматылық бір топ тұрғын қайта аштық жарияламақшы (Видео)

Наразы тұрғындар 10 айдан бері өздерінің пәтер иелері коперативі Facility management-тің бірде бір өкілі тұрғындармен кездесуге келмегенін айтады.

"2010 жылдан бері осы Көкжиекте тұрамын. 9 жылдан бері тұрғын үй департаменті бізді әр мекемеге итере береді. Олардың бірде-бірі үйімізге жөндеу жұмыстарын жасап, бізбен жүздескен емес. Үйлеріміз ескірді. Жөндеу жұмыстарының барлығын өз қаржымызға жасап келеміз. Сөйте тұра, коммуналдық қызмет ақысын бір күн кешіктірмейміз. Енді соңғы 10 айда осы Facility management деген мекеме пайда болды. Олар кімдер, немен айналысады хабарымыз жоқ. Тек ақшамызды жинап алады. Ал ақшасын дер кезінде төлемеген тұрғындардың аты-жөндері мен жеке мәліметтері жазылған қағаздарды ауданымызға таратып, қорқытады",– дейді Көкжиек ауданының белсенді тұрғыны Гүлнар Әлімханова.

Осыған дейін аудан тұрғындары Facility management-ті жұмысын дұрыс атқармағаны үшін сотқа берген екен. Онда оннан астам тұрғынның орнына жалған қол қойылған құжаттарды айғақ еткен мекеме жеңіске жеткен.

"Он адам сотта көрсетілген құжаттардағы қол оларға тиесілі емес екенін айтқанымен,  ешкім құлақ аспады. Сондықтан кешке аштық жариялауға тұрғындар өздері ғана емес, балаларын да алып шықпақшы", – дейді Гүлнар Әлімханова.

Ендігі тұрғындардың бар үміті кешкі наразылық акциясында. 

Осыған дейін 15 тамыз күні Facility management қызметіне көңілі толмаған Зерделі ықшам ауданы мен "Кәусар" тұрғын үй кешені тұрғындары да аштық жариялаған еді. Оның нәтижесінде Алматы тұрғын үй саясаты басқармасы мен аталмыш пәтер иелері коперативі өкілдері тұрғындармен кездесіп, мәселені үш жұмыс күнінің ішінде шешуге уәде беріп, райларынан қайтарған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу