Алғашқы болып әлеуметтік желіде тікелей эфирге Алмалы ауданы үшінші округінің мәслихат депутаты Артур Котенев шығады.
"Қоғамдық қабылдау бөлмесін түгелдей "онлайн" режиміне көшірмейміз. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек аяқталатын жаңартылған кеңседен тікелей эфиге шығамыз. Бұл біріншіден, халыққа қалалық мәслихат депутаттарының жұмысымен жақынырақ танысу мүмкіндік береді. Екіншіден, тұрғындармен талқылаған мәселелерді тіркеп, жүзеге асуын қадағалауға ыңғайлы", – дейді Артур Котенев.
Мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау бөлмесі Алмалы ауданындағы үшінші округ тұрғындарына ғана емес, барлық қызығушылық танытып, ұсыныс білдіргендерге қызмет көрсетеді.
Артур Котеневтің қоғамдық қабылдау бөлмесі 1 қыркүйектен жұмысын бастайды.
Мекенжайы: Мақатаев 142, 10-кеңсе.
Ал онлайн қабылдауды мәслихат депутаты өзінің Instagram және Facebook парақшаларында жүргізбек.
Құралай Құдайберген