Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Алмат Жаныспаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Құтқарушылар ауа райының тосын мінезін ескеріп, "Қазгидромет" метеорологтарымен және "Казселденқорғау" мамандарымен үнемі байланыста", – дейді спикер.
16 қаңтарда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, су тасқыны кезеңіне дайындық және Алматы қаласындағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы бойынша комиссия ұйымдастырылған. Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі бірқатар тапсырмалар берді.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының гидрометеорологиялық мониторингінің мәліметтері бойынша 2022 жылдың 1 қазанынан бастап жауған жауын-шашын мөлшері 226 мм болады. Бұл нормадан 260 мм, яғни, 13% жоғары. 31 қаңтардағы қар жамылғысының биіктігі 35 см, яғни қалыпты жағдайда (максималды мәндер 2018-2019 жылдары байқалған – 100 см-ден астам), ылғал қоры 57 мм, норма бойынша 76 мм ( -25%).