Алматылықтардың 24%-ы ғана толық вакцина алған – Бекшин

1262

Қалада күніне 7,7 мыңнан аса адам екпенің бірінші компонентін салдырып жатыр.

Алматылықтардың 24%-ы ғана толық вакцина алған – Бекшин

Алматыда тұрғындардың тек 24%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаны алған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүгінде қалада СOVID-19-дың төртінші толқыны жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші компоненті тұрғындардың 35%-ы, екінші компонентін 24%-ы салдырды.... Бұл індеттің қазіргі толқынын тұрақтандыра алмайды. Себебі, Алматыда "дельта" штамының таралу қарқыны жоғары", - деді Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Ол балалар мен жастар арасында коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін жеткізді.

"Соңғы 2 апта ауру жұқтырғандардың жасына талдау жүргіздік. Осылайша, 1 жасқа дейінгі балалар СOVID-19 жұқтырып жатқанын анықтадық. Бұл барлық  коронавирус жұқтырғандардың 2,8%-ы. Өткен аптада 136 бала, осы аптада 190 бала (ауру жұқтырған – автор) тіркелді", - деді бас санитар дәрігер.

Ол 14 жасқа дейінгі балалар арасында 965 дерек, 40-59 жастағы тұрғындар арасында 1 824 дерек, 60 жастан асқандар арасында 1 487 дерек тіркелгенін атап өтті.

"Сондықтан коронавирустың төртінші толқыны бұрынғыға қарағанда қауіпті. 20-40 жас аралығындағы алматылықтардың 38%-ы, 40-59 жас аралығында – 25%-ы 60 жастан асқандар арасында – 20%-ы ауру жұқтырды", - деді Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу