Қытайда болған жер сілкінісін алматылықтар сезінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 19 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07:44-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12,6, магнитудасы MPV 6,0", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу