Оның айтуынша мегаполистің "smart қала" бағытында дамуын анықтау үшін 5 бағыт, 19 талап бойынша арнайы зерттеу жүргізілген.
"International Data Corporation халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі әлемде 500-ден астам қаланың цифрлық дамуын бақылап отырады. Оның ішінде Алматы да бар. Мәселен, мегаполистердің технологиялық дамуы 5 сатыдан тұрады. Былтыр оңтүстік астана 2-сатыда болса, биыл 3-сатыға жеткен. Бұл даму көрсеткішінің дәл ортасы. Осы бағыт бойынша Алматыны Орта Азиядағы ең алдыңғы қатардағы мегаполис деп атауға болады. 2017 жылдан бері шаһар цифрлық бағытта қарқынды дамығанын байқауға болады", – деді Андрей Беклемишев.
Сонымен қатар спикер технологиялық бағытқа қаржы салумен қатар инвестицияның тиімділігіне де назар аудару керек деген тоқтамға келген.
"Мәслен, Мәскеудің цифрлық дамуына ғана Алматының барлық бюджетімен тең қаражат жұмсалуда. Бұл қаржы тиімді жұмсалды ма? Одан нәтиже бар ма? Сондықтан технологиялық даму қаржымен емес, нәтижемен өлшенеді", – деді халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті.