Алматының 4 ықшамауданына су құбыры тартылады

1714

"Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында 50 шақты ұсыныс түскен. 

Алматының 4 ықшамауданына су құбыры тартылады

Қазір бірнеше жоба іске асуға дайын тұр. Кейбіріне жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Егер бұл мақсат жүзеге асса, 2500 үй яғни 7 мыңнан аса тұрғын тіршілік нәріне қол жеткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, "Думан" ықшамауданындағы мәселе де өзекті. Соңғы 3 жыл бойы инженерлік желілердің жұмысы аяқталмай келеді. Бүгінде қалалық мобилділік басқармасы көшелерді жөндеу жөнінде кешенді жоспар жасақтауға кіріскен. Себебі мердігер компания жасалуға тиіс жұмыстарды орындамай  келеді.

"Өкінішке қарай, мердігер компания "Зидан" компаниясы толыққанды халықтың көңілінен шыға алмады. Енді сол жоспарды ары қарай биылғы жазға дейін бітіреміз деген міндет тұр. Күн жылығанына байланысты қай көшеде кімде кәріз желісі қосылды, кімге су қосылды, бәрінің кемшіліктерін қалпына келтіреміз. Тексеріп, талдаймыз", – деді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов.

Айта кетейік, ауданда "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасы аясында 50 шақты ұсыныс түскен. Ашық дауыс беру кезінде 8 жоба аса қажет деп танылыпты. Биыл "Думан", "Алатау", "Самал" ықшамаудандарында саябақтар абаттандырылып, көбірек ойын алаңдары салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу