Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "көлік" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қаласындағы "Агро-Консалтинг – К" АҚ стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.
Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеген, сондай-ақ Алматы қаласының "Алматы жылу желілері" ЖШС-де, Алматы облысының "Жетісу" ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды.
"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.
2023 жылы маусымнан бастап қазіргі дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.