Алматының ғимараттары жойқын жер сілкінісіне шыдай ма?

1029

Алматыда, сарапшылардың бағалауына сәйкес, жойқын жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттардың 60 пайызға дейінгі көлемі бұзылуы мүмкін, келтірілетін тікелей шығын 200 млрд теңгеге жетуі ықтимал, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Алматының ғимараттары жойқын жер сілкінісіне шыдай ма?

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осы мәселе бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге сұрақ қойды.

"Қанша ғимарат пен құрылыс нысандары паспорттаумен қамтылған? Сейсмикалық жағдайдың жаңа карталарын ескере отырып, құрылыс нормалары әзірленді ме? Бұл карталар жария түрде қашан шығарылады", – деп сұрады депутат.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аталған тәуекелдер шынымен де бар екенін айтты.

"Алматыда ірі ауқымдағы жер сілкінісінің қаупі бар. Оның салдарынан тұрғындардың көбісіне қатер төнуі мүмкін. Бұл ретте өміріне қауіп төнетіндер мен жарақат алатындардың санына қатысты сарапшылар әртүрлі мәліметтерді айтып отыр. Себебі бағалау жүргізудің түрлі әдістері бар", – деді министр.

Оның айтуынша, қаржыландырудың болмауынан сейсмикаға төзімділік бойынша бағдарлама тиісті деңгейде жүзеге асырылмады.

"Қаражаттың тапшылығынан көптеген бағдарлама қысқартылды. Бізде пандемия қаражаттың елеулі көлемін шектеді, оның ішінде төтенше жағдайдың алдын алуға қатысты. Әкімдік тарапынан қаражат бөлінді. Алматыдағы барлық нысандардың паспорттауы жүргізілді. Деректер базасы сәулет және құрылыс бақылау департаментінде тұр және жобаны ары қарай іске асыруда пайдаланылып келеді", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу