Алматының Индустриалды аймағында алты өндірістік парк ашылады

1188

Бүгінгі күні мегаполисте салынып жатқан 10 өндірістік парктің  4-уі қалада, тағы 6-уы индустриалды аймақ аумағында.

Алматының Индустриалды аймағында алты өндірістік парк ашылады

Алматының Индустриалды аймағында алты өндірістік парк ашылады. Бұл туралы Алматы қаласының Индустриалды аймағы директорының орынбасары Арслан Абдамит мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ол барлық өндірістік ғимараттар жеңілдетілген шарттармен ШОБ субъектілеріне берілетінін айтты. 

Шағын өндірістік парктерді құру жобасының мәні жеке инвесторлардың бос тұрған ғимараттардың реконструкциясына өз қаражаттарынан салуында немесе инфрақұрылымы бар жаңа ғимараттардың құрылысын салуда, онда болашақта шағын және орта бизнес субъектілері орналасады. 

Индустриалды аймақтағы шағын өндірістік парктердің жалпы аумағы 33 мың шаршы метрді құрайды. Оларда тау-кен өндірісі, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп салаларында 1100-ден астам жұмыс орнын құрумен 45 кәсіпорынды іске қосу күтілуде. Инвестициялық жобалардың құны 4,3 млрд теңгеден асады.
 
А. Абдамит қазіргі уақытта құрылысшылардың Kaz Story Trade, ADS Industries, Ala Estate нысандарын салу, инженерлік желілерді тарту, сыртқы әрлеу және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп жатқанын хабарлады. 

"D&J Investments & Logistic", "Алтын Дәурен Бизнес" және "Насихатұлы" өндірістік парктері енгізіліп, жұмыстарын бастап жатыр. Индустриалды аймақ аумағындағы алғашқы үш өндірістік паркті биылғы маусым айында іске қосу жоспарланып отыр", - деп хабарлады А. Абдамит. 

Жалпы аумағы 13,4 мың шаршы метр болатын тағы төрт шағын өндірістік парк Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарында құрылды. Оларда 32 кәсіпорын орналасқан, 230 жаңа жұмыс орны құрылды. Нысандар Almaty Finance жеңілдікпен қаржыландыру есебінен бұрыннан тұрып қалған өндірістік базаларды қайта құру жолымен пайдалануға берілді. Осылайша, шағын өндірістік парктерді құру бойынша инвестициялардың жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асады. 

А. Абдамит өткен жылы Наурызбай ауданында аумағы 2,2 мың шаршы метр болатын "Брот Мастер" шағын өндірістік паркі іске қосылғанын еске салды. Оның аумағында азық-түлік өнеркәсібі саласында сусындар өндіріп, кофе қуыратын, қамыр дайындайтын алты компания ашылды. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына дейін жаңа салынып жатқан алаңдар пайдалануға беріледі. 

Наурызбай ауданында өткен жылдан бері аумағы 4 мың шаршы метр болатын "Ala Estate" паркі жұмыс істейді, онда жиһаз, галантериялық өнімдер, кеңсе тауарларын, бетперде және азық-түлік қаптамаларын шығарытын 7 өндіріс жайылды. 

Түрксіб ауданында "Samruk Group" өндірістік паркі құрылыс материалдарын, қағаз өнімдерін және дезинфекциялық құралдарды шығаратын 16 шағын кәсіпорын жұмысын іске асырып отыр.

"Жақын арада Алатау ауданында "Asia Prom Textile" жаңа өндірістік паркін іске қосу жоспарланған. 18 мың шаршы метр аумақта қосымша қуыттылығымен тігін өндірісі, ауыз су шығаратын, арнайы киім және металлконструкция өнідіретін үш кәсіпорын орналасады. 60 адам жұмыспен қамтылады", - деп толықтырды А. Абдамит.

Қорытындысында Алматы Индустриалды аймағы директорының орынбасары өндірістік парктердің артықшылығын атады. Ең алдымен, олар қаладағы бос тұрған өндірістік және әкімшілік ғимараттарды іске қосуға мүмкіндік береді. Екншіден, іскерлік белсенділік төмен аудандарда бизнестің дамуына көмектеседі, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сонымен қатар, өндірістік парктерде бір шаршы метрді девальвациялық қауіпке қарамастан, 1000-1200 теңге көлемінде 5-7 жылға дейінгі мерзімге жалға беру құны тіркелген. Шағын өндірістік парктерді құру жобасы пилоттық және Қазақстанда әзірге жалғызы, ол Almaty Business-2025 бағдарламасы бойынша кешенді қолдау шаралары аясында жүзеге асырылады.
 
 
 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу