Алматының Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылды

1629

"Алматы жылу жүйесі" өкілдері бұл құбырлар 1971 жылы салынып, пайдалану мерзімі өтіп кеткенін айтты.

Алматының Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылды

Бұған дейін аталған құбыр гидравликалық сынақ барысында сыр бермей, жылыту маусымына дайын деп бекітілген болатын. 

Бүгін Сағат 12:00 шамасында Бөкейханов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында диаметрі 700 миллиметр жылу құбыры жарылған. Нәтижесінде 3 жүргізуші жеңіл көліктерімен ыстық су астында қалып қойған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті мен "Алматы жылу жүйелірі" қызметкерлері келіп, жағдайдың мән-жайын түсіндірді. 

"Жөндеу жұмыстары басталып кетті. Жылыту құбырлары бірден жабылып, судың кетуі тоқтатылды. Қазіргі кезде 9 құтқару тобы жұмыс істеуде. Бірнеше сағатта барлығы ретке келтіріледі. Жағдай бақылауда",– деді Алматы ТЖД баспасөз қызметі. 

Ал "Алматы жылу жүйесі" өкілдері бұл құбырлар 1971 жылы салынып, пайдалану мерзімі өтіп кеткенін айтты.

"Бұл құбырлар 1971 жылы салынған. Оны пайдалану мерзімі 25 жыл. Жалпы қала бойынша жылыту құбырларының 61%-ы ауыстыруды қажет етеді. Ал біз бірден оның барылығын ауыстыра алмаймыз. Өйткені оған көп қаражат кетеді және қаланың көптеген көшелерін жабу керек болады. Ал жалпы жарылған құбыр биыл жылыту маусымына дайындық кезеңінде гидравликалық сынақтан сәтті өткен болатын",– деді "Алматы жылу жүйесі" ресми өкілі Ян Гирин. 

Ал аталған оқиға барысында көліктері су астында қалып қойған үш адам "Алматы жылу жүйелеріне" хабарласып, өтемақы төлеуге өтініш жаза алады.

"Жапа шеккен үш көліктің иесі өтініш жазса болады. Осы жағдайға байланысты арнайы кеңес құрылып, оқиғаны зерттеп, қажет болған жағдайда өтемақы төленеді",– деді "Алматы жылу жүйесі" ресми өкілі Ян Гирин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу