Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарының біршама елді мекендеріне су беру уақытша тоқтатылады

21 сәуір сағат 16:00 ден бастап Рысқұлов даңғылындағы батыс бағытына қарай орналасқан Герцен көшесінің қиылысымен көліктердің жүру бөлігінің екі жолағы уақытша жабылады. 

Алматының Жетісу және Түрксіб аудандарының біршама елді мекендеріне су беру уақытша тоқтатылады Фото: Zakon.kz

Келесі көшелердің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі: Сүйінбай-Рысқұлов даңғылы - Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов даңғылы - Парковая - Құлыншақ – Бәйшев. 21 сәуір күні сағат 23:00-ге дейін су беру жоспарлануда.

"Алматы су" МКК апаттық бригадасы Герцен көшесінде D-500 мм құрайтын магистральдық су құбырында апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде Төтенше жағдайды жоюға 12 техника жұмылдырылды.

Герцен көшесі арқылы өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.

"Алматы қаласының қолданыстағы желілері мен нысандары айтарлықтай тозығы жеткен. Су құбыры желілерінің ұзындығы 3528 шақырымды құрайды, оның ішінде 1941,2 шақырымына қайта жөндеу жұмыстары қажет (жалпы ұзындығы 55,8%). Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, 

Диспетчерлік қызмет 274-66-66, +77718529101", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу