Бұл туралы 24.kg бұрынғы мемлекет басшысының туыстарына сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Олардың айтуынша, Алмазбек Атамбаев ұлы Қадырбекпен бірге бүгін Бішкек — Дубай бағыты бойынша сағат 06.34 ұшып кеткен. Ары қарай ол емделу үшін Испанияға барады.
Қырғызстанның бұрынғы президенті бір күн бұрын түрмеден босатылды. Азиз Батукаевты заңсыз босату фактісі бойынша оған қатысты қозғалған қылмыстық іс жаңа қарауға жіберілді. Жоғарғы Сот бұрын шығарылған үкімдердің күшін жойды. Атамбаевқа елден тыс жерлерге емделуге де рұқсат етілді. Ол 2019 жылдың тамызынан бастап қамауда болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу