Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпау шарасы қолданылды

1287

Ол 26 тамызға дейін қамауға алынды    

Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпау шарасы қолданылды

Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа бұлтартпау шарасы қолданылды. Первомай аудандық сотының шешімімен ол 26 тамызға дейін қамауға алынды. Елдің бұрынғы басшысы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында болады.

Еске салсақ, Атамбаевты ұстау операциясы екі күнге жалғасып, оған 2 мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Қарулы қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты. Кейін жағдайды ушықтырмау үшін экс-президент өз еркімен берілген. Ал оның жақтастары Алмазбек Атамбаев отырған көлікті жолдан өткізбей, қарсылық танытты. Мұнан соң Бішкектің орталығына жиналып, түн ортасына дейін нарзылық шеруін өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу