Алтай қаласында белгісіз біреу қоршауға "Ленинді қайтарыңдар!" деп жазып кеткен

806

Полиция жазу жазған адамды іздестіруде. 

Алтай қаласында белгісіз біреу қоршауға "Ленинді қайтарыңдар!" деп жазып кеткен Фото: Инстаграм

Әлеуметтік желіде белгісіз біреу Алтай қаласындағы Ленин ескерткіші тұрған қоршаудың сыртына "Ленинді қайтарыңдар!" деп жазып кеткен. Аталған іс бойынша полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Естеріңізге сала кетейік, жуықта Алтай қаласындағы Лениннің ескерткішінің қирап қалғандығы туралы жазған болатынбыз. 

Араға уақыт салғаннан кейін белгісіз беру қираған ескерткішті қайта қалыпа келтіруді талап етіп, қоршауға жазу жазып кеткен.

Осы ретте, ШҚО Полиция департаменті жазу жазып кеткен адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.

- 4 қыркүйек күні белгісіз адамның Ленин ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан қоршауға қызыл бояумен жазба түсіргені туралы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта оның кім екенін анықтау шаралары жүргізілуде. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық үшін, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, жеке тұлғаларды қорлап қорлағаны, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлағаны және басқаларды құрметтемеуді білдіретін басқа да осындай әрекеттер үшін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын адамдар) бойынша әкімшілік іс қозғалды, - делінген ақпаратта.

Аталған бап бойынша кінәлі адам 20 АЕК мөлшерінде (69 мың теңге) айыппұл төлеп немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу