Алтай өлкесінде полицейлер алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын ұстады

1053

Алтай өлкесінде полицейлер алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын ұстады

Алтай Республикасында өзін кәсіпкер ретінде таныстырып, қарызға қыруар ақша алған Қазақстан азаматының алаяқтық жасау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы РФ ІІМ бас басқармасы баспасөз орталығына сілтеме жасап "Интерфакс-Сибирь" жазып отыр.

"Өскемен қаласының тұрғыны Таулы Алтайға қонаққа келген. Ол өзін металл құрылғылар шығаратын мәскеулік ірі компанияның директорымын деп таныстырып, жергілікті тұрғындардан үстемемен ірі көлемде қарыз алған. Алаяқ қала тұрғындарына алған қарызын өндірісті дамытуға ақша аударылған соң қайтаруға уәде бергенімен, сөзіне тұрмаған. Шығын 800 мың рубльден асады. Сондай-ақ оның тағы екі адамнан 300 мың рубль алғаны белгілі болды", – делінеді хабарламада. Осы фактілер бойынша РФ ҚК 159 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны тұтқындады. Полиция өкілдері аталған ер азаматтың Қазақстанда да дәл сондай қылмыстар жасағанын анықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу