Алтын бағасы арзандады

Сегізінші сессия қатарынан құнды металл құны төмендеуде.

Алтын бағасы арзандады Фото: inbusiness.kz

Алтын бағасы сегізінші сессия қатарынан арзандап келеді. Бұған себеп АҚШ қазынашылық кірістілігі жоғары пайыздық мөлшерлемелерді күтуге байланысты нарықтық көңіл-күйге әсер етті. 

Осылайша алтын бағасы 0,2%-ға арзандап, унциясы 1 818,99 долларды құрады, ал COMEX алтын фьючерстері 0,4% жоғалып, 1 834,50 долларды құрады. 

Сарапшылардың айтуынша бұған бірнеше фактор әсер етті. Ал басты фактор АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі 16 жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп, инвесторлар үшін алтынның тартымдылығын төмендетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу