Алтын бағасы бес айдағы ең жоғары деңгейге жетті

Оған Таяу Шығыстағы шиеленіс ықпал етті. 

Алтын бағасы бес айдағы ең жоғары деңгейге жетті Фото: inbusiness.kz

Алтын бағасы бес айдағы ең жоғары деңгейге жетіп, троя унциясы 2000 доллардан асты. Бұл туралы Financial Times жазды. 

Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар Хамас пен Израиль арасындағы қақтығыс аймақта кең ауқымды соғысқа ұласуы мүмкін деп алаңдайды, сондықтан олар тұрақты активтерге басымдық бере бастады.

Жұма күнгі Нью-Йорктың COMEX биржасында бағалы металдың құны шарықтау шегіне жетіп, бір троя унциясы үшін 2008,5 долларға жетті. Сауда соңында алтынның бір троя унциясы 1 994,4 доллар болды.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі металдың құнын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Актив бағасы 22 қыркүйекке дейін төмендеп келген, ал баға 5 қазаннан бастап өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу