Алтын бағасы бір унциясы үшін 2,7 мың доллардан асты

134

Бағалы металл бағасы өсіп жатыр. 

Алтын бағасы бір унциясы үшін 2,7 мың доллардан асты Фото: GMK Center

Қараша айының басынан бері биржадағы алтын бағасы алғаш рет 2,7 мың доллардан асты. Мұны www.cmegroup.com сауда-саттық деректері көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желтоқсан айында алтын фьючерстері бір унциясы үшін 2700,7 долларға жетті. Осылайша тәуліктік ең жоғарғы көрсеткіш 2701,8 доллар болды.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша алтынның биржалық құны шамамен 5 пайызға азайған еді. Бұл соңғы үш жылда ең үлкен төмендеу болып есептелінеді. Қазан айының соңында бағалы металл бағасы унциясына 2,8 мың доллардан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу