Алтын бағасы қымбаттай түсті

Оған әлемдік экономикадағы тәуекелдердің артуы себеп. 

Алтын бағасы қымбаттай түсті Фото: Inform.kz

Алтынның бір унциясы 2 мың доллардан жоғары бағаланып отыр, бұған АҚШ ФРЖ талаптарын қатаңдату циклінің соңына жақындады деген ақпарат ықпал етті.

Сонымен қатар, бағалы металдың қымбаттауын экономикалық өсудің баяулауы және инфляцияның күшейе түсуі туралы күтулер үдетіп отыр, деп жазады Wall Street Journal.

АҚШ Еңбек министрлігінің мәліметтерінше, наурызда инфляция 5%-ға өсті, бұл өткен маусымдағы ең жоғары көрсеткіштен төмен болғанымен, мақсатты межеден жоғары.

Сонымен қатар алтынға сұраныс АҚШ-тағы қос банктің жабылуынан соң арта бастады. Сарапшылар бұл жағдайлар жыл соңында жаһандық экономиканы рецессияға алып келуі мүмкін деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу