"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жануарларға санақ жүргізілуде

393

Парк аумағында Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтардың санақ жұмыстары жалғасып жатыр.    

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жануарларға санақ жүргізілуде Фото: gov.kz

 "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағымдағы жылдың 22-23 ақпан күндері паркті мекен ететін Қызыл кітапқа енген арқар, құлан және қарақұйрықтардың санын анықтау мақсатында санақ жұмыстары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Санақ жұмыстарына ҚР Білім және ғылым министірлігі Ұлттық ғылым академиясының зоология институты, "Охотзоопром"ӨБ" РМҚК-і, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы,  Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, "Жоңғар-Алатауы" МҰТП-і қызметкерлері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу