Алтын кенін өңдейтін кешен іске қосылды

1050

Алтын кенін өңдейтін кешен іске қосылды

"Жалтырбұлақ" компаниясы Қарағанды облысындағы Жалтырбұлақ кен орнында алтын кенін шоғырлы сілтісіздендіру қондырғылары кешенін және құрамында алтын бар кенді өңдеу модулін іске қосты. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" хабарлайды.  

"Алтын кенін өңдеу нәтижесінде  құрамында 75% алтыны бар Доре қорытпасын алу көзделген. Бірегей дайын өнімді Қазақстанның Ұлттық банкі сатып алмақшы", – делінген хабарламада.

Жобаның жалпы құны – 3,4 млрд теңге, оның 2,4 млрд теңгесі дербес қаражат болса,  1 млрд теңгесі қарыз көздерінен тартылған.

Кәсіпорын жылына 500 мыңнан астам кен өңдеуге қауқарлы. Дайын өнімді сату бойынша жылдық айналымы 2 млрд теңге шамасында.

Жалтырбұлақ жобасы 2010  жылы қолға алынған, нысанның құрылысы 2016 жылдың басында басталды.

Жалтырбұлақ кен орнының геологиялық көлемі 20 шаршы шақырым, оның ішінде барланғаны – 1 шаршы шақырым. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу