Алтын қымбаттады

2329

Өткен аптадан бері сары металдың құны 1,5 пайызға өскен. 

Алтын қымбаттады

Алтын бағасы соңғы 3 айда рекордтық көрсеткішке дейін жетті. Қазір унциясы 1324 доллар 25 центке саудаланып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Сауда қорытындысына назар аударсақ, өткен аптадан бері сары металдың құны 1,5 пайызға өскен. Тиісінше, күміс те 1,3 пайызға қымбаттады. Унциясы – $14,75.

Қазір АҚШ-тың сауда қатынастарынан зәрезап болған инвесторлар алтын, мемлекеттік облигация сияқты активтерді молырақ сатып алуда. Сақтықта қорлық жоқ деген олар, Америка экономикасының әлеуетіне сенбейді. Өйткені қазірдің өзінде бұл елдің 3 айлық мемлекеттік облигацияларының кірісі 2,34 пайызға дейін құлдырады. Бұл – рецессия белгілерінің бірі дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу